Таусылған сезімнен құтылу

1b541b3224f489a824d1358a55bb805f.jpg

Қарым-қатынас біткен кезде адам жанында қалатын жараны жазу оңай емес. Кей адам оны өмір бойы алып жүреді. Өткенге жалтақтамай өмір сүруді үйренуге болады. Бірақ оған сезіну мен толық келісім қажет. 
Психологияда бітпеген қарым-қатынас ұғымы бар. Психиканың бір қызығы адам өмірде айырылысса да, ойша сол адамды, жағдайды ұмыта алмай сарсаңға түседі. Тек ой тазалығына жеткенде барып жеңілдейді. Ауыр жүктен құтылады. Бұл шындықты атақты «Зейгарник әсері» деген жаңалық дәлелдейді. Ол 1930- жылы ашылған. Өте қызық тәжірибе. 
Мейрамханадағы психологиялық тәжірибе
Даяшылар ақшасы төленбеген үстелдерде не желінгенін, оның бағасын есте сақтайды. Тіпті тапсырыс бірнеше сағат бұрын жасалса да бәрі санада сайрап тұрады екен (тәмамдалмаған жағдай). Ал, төленіп қойған үстелдерде не желінгені, ақысы қанша болғанын тез ұмытады екен (тәмамдалған жағдай). 
 «Зейгарник әсері» бойынша бітпеген жағдаяттар санада өшпей тұратыны дәлелденген. Біткен жағдаяттар демде ұмытылады. Аяқталмағанын ұмыту бір жарым есеге қиындайды екен. 
Жағымсыз әсер қалдыратын естеліктер
Адамдар арасында айырылысу адам сияқты бітпеуі мүмкін. Бұл оқиға созылмалы дерт сияқты жанға салмақ сала бермек. Ұмытылмайтын адамды жүректен қалай сызып тастауға болады? Бұл тығырық айлар бойы маза бермей, кейде жылдарға созылады. Қоңыр мұң, елегізу, өкініш, ыза сол адамды еске түсірген сайын мазалап тұрады. Ақыры күйзеліске дейін баруы кәдік.

«Біткен қарым-қатынас» сатысы
Кез келген қарым-қатынастың соңғы сатысы «біту мен қоштасу» болмақ. Бұл қоштасудың дұрыс орындалмауы адамның көңіл-күйіне кері әсер етеді. Жаңа өмір бастауға қырсығын тигізеді. Дұрыс тәмамдалған қарым-қатынас уақыт пен рухани қуаттың қалыпқа келуіне әкеледі. Артынша бәрі оңшалады.

Осы соңғы сатыны дұрыс өткен соң қарым-қатынас өзін-өзі жояды. Ал, кейде қайтып бірінші сатыға өтеді. «Сенім білдіру» деген сатыны қайтара бастан кешеді. Бірақ басқа деңгейге көтеріледі. Соңғы саты кейде қарым-қатынастың бітуі, кейде белгілі бір жағдайдың ақырын білдіреді. Мысалы: 
— еркек пен әйел кездесу сатысын аяқтап, жаңа өмірді бірге бастау сатысына көтерілуі мүмкін; 
— бір лауазымнан екіншісіне өту сияқты қоштасу кезеңі болады.

Аударған Шынар Әбілдә


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: