Сіз бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

219-1476220646-9db42254cf.jpg

Сіздің жиі ішіңіз пысып, ұялы телефонға қайта-қайта көз жүгіртіп әлеуметтік желіде көп уақытыңызды жіберетін боларсыз. Одан да шынайы өмірге көбірек көңіл бөліп, жеке басыңызда болып жатқан жағдайларға көңіліңіз тола ма? Бос уақытты тиімді пайдалану, жасалған дүниеңізден рахат алуды білесіз бе? білмесеңіз. Ендеше төмендегі психологтың кеңесіне  көңіл бөліңіздер:

 

  • Жүрегіңіз нені қалайды? Қалаған дүниеңізді жасаңыз.

  • Сіз неге қызғасыз?

  • Жаныңыз жабырқаған сәтте, қолөнер жұмысымен айналысқаныңыз жөн, өйткені жан дүниеңізде тыныштық пен үйлесімділік орнайды.

  • Бос уақытты пайдалана білу, содан нәтиже шығару үлкен жетістік болып табылады.

  • Жалқаулық пен еріншектік адамды рухани масайған адамға айналдырады.

  • Қызығушылығым жоқ немесе, ұнамайды деген әңгімеден бұрын сол істі жасап көру керек. Сонда сіздің ойыңыз өзгеруі мүмкін.

  • Көңіл-күйіңіз жоқ болса тауға немесе, таза ауада демалуға тырысыңыз.

  • Жадырап жүргіңіз келсе достарыңызға да көңіл бөліңіз, көңіл көтеріңіз.

  • Уақытты тиімді жұмсау және соған көңіл аударып, жалқаулықты артқа сырып талпыныс жасау еңбекққор адамның ғана қолынан келеді.

  • Адам болмысын айқындайтын, оның неге қызығушылығы бар екенін білу.

  • Бос уақытты пайдаланудағы негізгі шарттар:

  • Сол іске қызығушылық және талпыныс.

  • Сеніммен қарау.

  • Көңіліңізге ұнаса, тағы да жасауға тырысу.

  • Өлең немесе, қолөнер жұмысымен т.б жұмыстармен айналыссаңыз адамдарға ұсынып сыйлаңыз, ұнап жатса өзіңізде рахат сезімге бөленесіз.

  • Уақытпен арпалысу керек тек, қолыңыздан келетін дүниені мойындатау.

  • Бос уақыт табылмайтындай күнге жету үшін, бәрін де өзіңізден бастаңыз.

  • Уақыт сіздің жан дүниеңізді емдемейді, сіз өзіңіз талпыныс жасау арқылы сіз өз жаныңызды емдейсіз.

Бәрі де өз қолдарыңызда сәттілік!

 

 

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: