ХАБАРЛАНДЫРУ

Жазылыңыз

Ә.Өсербаев: 2020 жылы қала 100% табиғи газбен қамтылатын болады

abylaiabylai Саясат 2019-02-08 17:11:20
Жарнама орны

1549616271463718.jpg

Биыл Түркістан тұрғындарының 60 пайызға жуығы табиғи газбен қамтылады. Ал, 2020 жылы қала халқы баспаналарын жылыту үшін көмір жақпайтын болады. Бұл туралы қала басшысы Ә.Өсербаев Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың қатысуымен өткен ел алдындағы есебінде айтты.

Қаланы газбен қамту 3 кезеңмен жүзеге асырылуда. І кезеңнің жұмыстары бойынша 10518 абонентке газ құбыры жүргізіліп, 42918-ден астам қала тұрғынына табиғи газ берілді. Бүгінде ІІ-ІІІ кезеңнің құны 20 млрд. 271 млн теңгені құрайтын 11 жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды.

– Биыл осы мақсатқа 4 545 млн теңге бөлініп, халықты табиғи газбен қамту көрсеткішін 58 пайызға жеткізу жоспарлануда. 2020 жылы қала 100% табиғи газбен қамтылатын болады, – деді Әліпбек Өсербаев.


Жарнама орны
Oinet ақпараттық агенттігі

Материалды көшіріп басқанда www.oinet.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс
Авторлық құқықты сақтаңыз

LikeПікір жазу
Пікір жазу( 0 Пікір)
   
Тексеру код: