Жириновский Қазақстанда келесі Президент - орыс ұлтынан болу керектігін айтты

7B4990B4-9FCA-49D1-9AE8-C87625F3735E_w1023_r1_s.jpg

Ресейдегі либералдық-демократиялық партияның көшбасшысы Владимир Жириновский Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жазып, отставкамен құттықтады деп хабарлайды Комсомольская правда басылымы. 

Хатта партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлын мақтай отырып, Қазақстанда болып жатқан жайттарға байланысты өзінің өтінішін білдірді:

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстанды орыс тіліндегі барлық шектеулерді алып тастаңыз, латын әліпбиіне көшуді тоқтатып, 2020 жылдың қазан айында өтетін Қазақстандағы сайлауда орыс ұлтының өкілі Президент болуына үлес қосыңыз. Орыстарды "қууды" тоқтатып, бәрін де, оның ішінде мені де Қазақстанға шақырыңыз. Мен сізден 1964 жылдың 3 шілдесінде кетіп қалдым. Сізге Қазақстанның жаңа ордені - «Даналық ордені» туралы ойлануға болады. Және оны маған беруіңізге құқығыңыз бар. Мен сізбен кездесуге және Қазақстан мен Ресей арасындағы шынайы достық қарым-қатынасты қалай құруға болатынын талқылау үшін ЛДПР депутаттарымен бірге елге оралуға дайынмын», - деп қорытындылады Владимир Жириновский. 

Screenshot_19.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: