Өзбекстанды отбасы басқарады


 106452722_gettyimages-627572874.jpg

-Әлемнің бірқатар елінде мемлекет басшыларының отбасы мүшелерін, туған-туыстарын билікке тарту үрдісі күшейіп барады. Бұл үрдісте пост-кеңестік елдер көш бастап келеді,-деп жазады, Бұл туралы qazaqtimes.com сайты.

 Бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың кіші қызы Шахнозаның Білім беру министрлігінде басқарма төрағасы болып отырғаны белгілі еді. Жақында елдегі оппозициялық басылымдар президент Мирзияевтің үлкен қызын Ақпарат және коммуникациялар агенттігінің директоры етіп тағайындағанын жазды.

Шавкат Мирзиеевке дейін де Өзбекстан билігі бір отбасыға тәуелді болып келгені белгілі. Мемлекеттік қызметтегі қандай да бір кланның басында немесе құзіреті бар креслоларды марқұм президент Ислам Каримовтың жақын туыстары иелеп келген. Гүлнара Каримова Өзбекстанның Испаниядағы төтенше әрі өкілетті елшісі болып тұрған. Президент Мирзияев кезінде коррупцияға байланысты айыпталды. Бүгінгі таңда Өзбекстанда Мирзияев дәуірі орнап келе жатқанға ұқсайды. Көптеген елдердің Конституциясы  ел басшысының өз туыстарын жоғары лауазымды қызметке тағайындауына мүмкіндік бермейді. Алайда, өз жақындарын жоғары лауазымға жеткізу үшін Ата Заңды айналып өткен ел басшылары да жетерлік. Бұл жағдай әлемнің бірқатар елінде болғанымен, Орта Азияға көбірек шоғырланған. Орта Азиядағы билік иелерінің қоғамдық пікір мен елдің заңын түрлі тәсілмен айналып өтіп, династиялық жолға бет алған әрекеттер көп.

Әзірбайжанның қазіргі президенті Илхам Алиев билікке мұрагерлік жолмен жеткені елге мәлім. 2016 жылы ол ел Конституциясына өзгерістер енгізіп, Бірінші вице-президент және Вице-президент лауазымдыларын жасады. Бұның соңынан ол өзінің жұбайы Мехрибан Алиеваны вице-президент етіп тағайындаған болатын. 2016 жылы Тәжікстан президенті Эмомали Рохмон қызы Озоданы Президент аппаратурасының жетекшісі ретінде тағайындады. Озода Рохмон бұған дейін де лауазымды қызметтен шет қалған емес-ті. Ол 2016 жылға дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келген. Озода Рохмонның күйеуі Жамолиддин Нуралиев Ұлттық банк жетекшісінің орынбасары. Президент Рохмонның ұлы Рустам болса ТМД елдеріндегі ең жас генерал болып саналады. 32 жастағы Рустам Эмомали Тәжікстан президентінің ең үлкен ұлы. 2017 жылы ол елдің астанасы Душанбенің әкімі болып тағайындалды.

Президенттің өз жақынын билікке алып келу әрекеті сәтсіздікке ұшыраған орта азиялық бір ел болса – Қырғызстан. Қырғызстанда бұндай жағдай тек елден қуылған президенттері тұсында ғана болды. 2005 жылы президент Асқар Акаев ұлы мен қызын парламентке алып келді, алайда көп өтпей отбасымен бірге елден шығып кетуге мәжбүр болды. Құрманбек Бакиев тұсында жақындарын билікке әкелу кең ете ала бастаған болатын. Алайда, Бакиев билігінің құлауымен бұл үрдіс те тоқтап қалды.

WhatsApp Image 2019-04-15 at 09.38.39.jpeg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: