Жанат Тәжиева Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы болып тағайындалады
Шымкент қаласының 1 жылдан аса бос тұрған Білім басқармасына басшы болып Жанат Арысбекқызы Тәжиева тағайындалады, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі сенімді ақпарат көзіне сүйене отырып.
Жанат Арысбекқызы – тәжірибелі педагог, білім саласында 30 жылдай уақыт еңбек еткен, сала үздігі. 8 жылдай Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментін басқарды.