Карантин талаптары сақталуда

Oinet.kz 05-08-2020 606

Screenshot_6.jpg

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы Шымкент политехникалық колледжінің талапкерлерді қабылдау барысы және ондағы санитарлық талаптардың сақталуы бойынша қоғамдық бақылау жүргізді. Қоғамдық бақылау барысында кіре берісте кезекшіліктің болуы, бетперде киіп жүру, жұмыс басталар алдын дене қызуын өлшеу, антисептиктердің болуы және пайдалануы, жеке және ұжымдық қорғаныс заттарының болуы мен олармен қамтамасыз етілу жағдайы, қызметкерлер және қызметалушылар арасындағы қашықтықты сақтау, ұжымдағы қызметкерлердің белгілі бөлігін үй жағдайында қашықтықтан жұмыс жасауға жіберу, кезекті еңбек демалысына жіберу, жұмыс орнын дезинфекциялау, еденді залалсыздандыру жұмыстары талап деңгейінде жүргізіліп жатқаны анықталды. Қазіргі таңда жалпы 128 оқутышының 5 оқытушысы қабылдау комиссиясында. Қалғаны қашықтықтан жұмыс жүргізуде. Абитуренттерді egov.kz порталы арқылы онлайн қабылдауда. Ал, оқу орнына келген талапкерлерді толық санитарлық режимдеріне сай қабылдауда.

Білім министр Президент жалақыдан бөлек басқа қандай тапсырма бергенін айтты
Тоқаев Ливан президентіне көңіл айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу