«Дұға оқытылған»: Танымал блогер қызыл жібінің кереметін түсіндіріп берді

Oinet.kz 25-04-2022 1085

Танымал блогер Super mamasita желіде сатқан қызыл жібі туралы айтып берді. Әлия Байтуғаева оны өз қолымен өріп, қасиетті жерлердің рухын сіңіргенін алға тартады. Блогер қызыл жіпті 1000 адамға ғана сатқанын жеткізді. 

Screenshot_20.jpg

Әлия Байтуғаева "1001 түн" бағдарламасында сұхбат беріп, желіде дау тудырған "қызыл жіптің қасиеттерін" айтты. 

"Бұл - тұмар, тіл-көзден сақтайды. Қазақтар бұрын да таққан. Мысалы балаға көз тимес үшін түйреуіш түйрейді. Өзім де көзі бар түйреуіш тағамын. Немесе негативтен, жаман тіл-көзден қорғайды деп есікке үлкен көз іліп қояды, оны да басқа жақтан сатып әкеп жатады. Бұл жіп те сондай. 

Мен мотиватормын, энергияға толы адаммын, ол жіптерді өзім өрдім, сосын оларды өзіммен бірге алып, Түркістанға бардым, мешіттерді аралап келдім. Мен бұған шынында да сенемін. Оларға дұға оқытылған. Расында да олардың бойына энергетиканы сіңіргім келді. Бұл өмірде барлығы энергиядан жаралғанын жоққа шығармайтын шығармыз. Мұндай нәрсеге сенгенмен, түсіндіру қиын. Өзім де осы жіпті төрт жыл бойы тағып келемін", - дейді Instagram жұлдызы. 

Жахан Отарғалиев өзін «баба» деген Мамаситаны орнына қойды
Түркістан: Президент паркіндегі жасанды көлде алғашқы жарыс өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу