Түркістанда үшем қыз дүниеге келді

Oinet.kz 14-06-2022 2575

Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 23 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді. Мерзіміне жетпей толғағы басталғандықтан білікті дәрігерлердің қатысуымен әйелге жедел ота сәтті жасалған болатын.

Screenshot_12.jpg

Жас ана №2 облыстық перинаталдық орталығында үш қызды босанды. Жаңа туған нәрестелерге Райана, Разия, Райхана есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 1910 гр, 1950 гр және 2120 гр болды.

Мерзімінен ерте туылған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлердің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы бүгінгі күнге қанағаттанарлық, үшемдер перзентханадан шығуға дайын.

Шымкент әуежайы ұшаққа соғылған қарғалар үшін 50 000 доллар өтемақы төлейді
Әйелді таптап өлтірген піл жаназасында денесіне қайта шабуылдаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу