Өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан актриса бірінші некеде енесінің кесірінен айрылысқан
"Тоқал" фильміне түскен актриса Жанель Мақажан бірінші некесі не себепті сәтсіз аяқталғанын ашып айтып берді. Өнер иесі шаңырағының шайқалуына ата-енесінің араға түсуі себеп болғанын жасырмады.
"Менің шыдамымның таусылғаны, күйеуімнің бостығы мен ата-ене. Бірінші тұрмыста енем мейірімге мүлдем сай келмейтін. Жалпы біздің менталитетте келін дегенді адам емес, күң секілді көргісі келетін қаншама ата-ене бар. Өз отбасына жауап бере алмайтын қаншама азаматтар бар.
Мен сияқты шыдамы таусылып, күң емес, күн екенін түсініп кеткен қаншама қыз-келіншектер бар. Жас отбасының өміріне туыстары араласпаса, қаншама жанұя ажыраспаутын еді. Бірақ, мен өз таңдауымды жасап, кеткеніме еш өкінбеймін", - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Жанель Мақажан екінші рет өзінен сегіз жас кіші жігітке күйеуге шыққан.