Шариғатқа қайшы: Маймылдар бір-бірін ұрып өлтіре берген

Oinet.kz 07-07-2022 1014

Бір топ ғалым 5 маймылды бір шұңқырға қамайды. Шұңқырға саты қояды да оның басына бір шоқ банан байлайды. Маймылдардың бірі бананға ұмтылған сайын, қалғандарының үстіне мұздай су шашып отырады. 

Screenshot_3.jpg

Осылайша біраз уақыт жалғасады. Алғашында түк түсінбей шыңғырып, шулаған маймылдар ақырында істің мәнін аңғарып, бананды жегісі келген әрбір маймылды аяғынан тартып түсіріп, оны соққының астына ала бастайды. Осыдан соң банан қатты қызықтырса да соққы мен мұздай судан қорыққан маймылдардың ешбіреуі батылы барып, бананға қол созбады. 

Сонан соң ғалымдар бес маймылдың бірін алып, орнына жаңа маймыл әкеліп қосады. Ол келе салысымен хайуани инстингке салып, бірден сатыға өрмелей бастады. Сол-ақ екен қалған төртеуі оны мәжбүрлеп түсіріп, ұра бастайды. Түкке түсінбеген жаңа маймыл аздан соң бананға қайта ұмтылады. Маймылдар оны күшпен қайта тоқтатады. Ақырында бірнеше мәрте соққы көрген ол себебін білмесе де сатыға көтерілуге болмайтынын түсінеді. Тәжірибе қызық бола бастағасын ғалымдар ескі төрт маймылдың бірін алып, орнына және бір жаңа маймылды қосады. 

Ол да алғашқы маймылдың көрген теперішін басынан кешіреді. Ол ол ма, ескі үш маймыл мұны ұра бастағанда алғашқы ауысқан маймыл да себебін білместен қосыла сабайды. Осылайша, шұңқырдағы ескі маймылдардың барлығы ауыстырылып, қатарлары толық жаңарып шығады. Жаңа құрамдағы маймылдардың ешқайсысы жоғарыдан құйылған «мұздай су кезеңін» басынан кешірмесе де, бананға қызыққан әрбір жаңа маймылды ұрудан жаңылмады. 

Дәл осы кезде олардан жаңа маймылды не үшін ұрып жатқандары сұралса: «Білмейміз! Әйтеуір бұрынғылар осылай істеді ғой!», - дейтін еді. Кешегі тұмсықтан әрідегіні көрсетпеген атеистік идеология көргенімізді көңіл елегінен өткізбей, көзсіз қайталай беруге алып келген жоқ па?! Сосын Шариғат талаптарынан хабарсыздыққа апарып соқты.

P.S: Шариғатқа қайшы, тозығы шыққан жалған ырым-нанымдарды да осыған жатқызуға болады. Бір нәрсені «болады» дейміз, бірақ неге екенін білмейміз. «Болмайды» дейміз, оны да түсіндіріп берер дәрмен жоқ. Асылы, Алланың жібі болған асыл дініміз Исламды мықтап ұстану ғана адам ақылына еркіндік әпереді. Еркін ойлап, дұрыс бағыты таңдауға мүмкіндік береді. Таразылау өз қолыңда!

Өз анасын өлтірген күдікті көршісін өлтіріп, 9 жасар баланы жарақаттады
«AMANAT»: Түркістанда жол картасы жүйелі түрде жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу