Бұл өмірде менен артық келін жоқ
21-10-2024
Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Қарағұр аядай ғана ауыл. Сол, аядай ауылда тіршілік қайнап жатады. Қойын- құрттап, айранын- ұрттап отырған ағайын- туыспен жиын- тойларда бас қосып, мәре- сәре боп қаламыз. Бұл жолы Алматыдан ағамның жылдық асына, әрі, әпкемнің туған күніне деп арнайы шықтым. Көп жылдан бері буын ауруынан зардап шегіп жүрген жәйім бар. Аяғыңды тең басып жүре алмаған соң, жол жүруге де жасқаншақтайсың.
Дәрігерге қаралып, ота жасату керек екенін білген соң, қыс айына қалдырғанмын.
Сонымен не керек, балалық шағымның бал мекені, аяулы ата- анамның қара орман қарашаңырағы болған Қарағұрға келіп мәз-мереке боп қалдық.
Туыстарым алғашқы көргеннен-ақ,
-Ойбай, әпке, не болған сізге бір жағыңызға қисайып қалыпсыз ғой,- деп жанашырлық танытып, бірі таңырқап, бірі қолтығымнан сүйеуге ұмтылды.
- Сол баяғы тізе буыны ғой деп мән бермеуге тырысып жатырмын.
Сізге Аружанға бару керек- деп шуласты ағайындар.
-Қайсы Аружан, кімнің қызы- деп менде елеңдеп қалдым.
-Ойбай-ау, мына өзіміздің Кәдештің қызы!
Қолының кереметі бар. Сынған, шыққанның бәрі осында келеді. Грыжаны да емдейді- деп, тамсанып айтты бір жеңгем.
Үлкен-кіші ықыласпен айтып, мақтауын асырғаны соншалық, тезірек Аружанға баруға менде асық болдым.
Аптаның жұма күні қыз оқуынан ауылға келеді екен. Сол күнді күтіп, "келді" деген хабар жетісімен бізде жеттік.
Біз дегенім, қасымда сіңілім бар. Ол да көптен бері белі,басы ауырып мазасызданып жүрген болатын.
Емші қыздың әкесі Кәдеш пен анасы Сәуле бізді жылышыраймен қарсы алып, төрге оздырды.
Өткен-кеткенді айтып әңгімелесіп отырғанда, ішкі бөлмеден қуыршақтай ғана қыз шығып, бізбен ашық-жарқын сәлемдесті.
-Міне, Аружан деген сіңілің- деп таныстырды анасы.
-Аружан, мына кісілер әпшелерің болады. Сені күтіп жүр неше күннен бері..
-Болды, қазір,- деп асығыс бөлмесіне кіріп кетті Аружан.
Сәлден соң,
-Әпше, келіңіз,- деп дауыстады.
Ауыратын аяғымның тізесін бір сипап өтті де, тізедегі тобық шығып кеткен- деді.
Расында да, аяғым қисайып, ақсап жүремін көптен бері. Дәрігерлер тізедегі сұйықтық кеткен, содан ақсап басасыз, ота жасап, титан қою керек деген болатын.
Тіземді майлап, біраз отырған соң,
-Әпше, шыдаңыз. Бос отырыңыз, қазір, тобықты орнына саламын,- деді Аружан.
Тобықты пытырлатып өз орнына әкелгенше, жаным алқымыма тірелгендей болды.
Қисайып шығып кеткен тобық етпен кірігіп, орнығып қалған екен.
Болды деген кезде, көзімді аштым. Сол сәттегі сезімімді жеткізе алмаймын.
Аяғым түп-түзу боп қалпына келгенін көргенде, көзімнен жас шығып кетті.
-Әпше, жатыңыз. Неше жылдан бері ақсаңдап жүргеніңізде, омыртқа, сегізкөзге де зиян келген болар, қарайын,- деді.
Қанша омыртқаның қисайғанынан жаңылыстым.Тек, қатты ауырсынумен, орын-орнына пырт етіп түсіп жатқан дыбысты ғана естіп сезініп жаттым. Кіп-кішкентай қыздың қолына Құдай қасиет бергеніне сенбеске шараң жоқ.
Қолы- рентген дерсің. Алақаны сипалап отырып, сынған мен шыққанды, ауырған мен сырқырағанды сезе қояды.
Бұл, керемет емей немене?!
Аружанның алдынан қуанып шықтым. Менен кейін кірген сіңілім де дертіне дауа табылғанына мәз.
Біз ауылдан қалаға кеткенде Аружан ойын баласы еді. Зырлаған уақыт!
Биыл мектепті "Алтын белгіге" бітіріп, Түркістан қаласындағы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсіпті.
Атасы Жүсіп үлкен емші еді. Ол кісіге де Қазақстанның әр түкпірінен дертіне дәру іздегендер үздіксіз келіп жататын. Талай төсек тартып жатқан науқастарды орнынан тұрғызып, бата мен қошеметке бөленгенін
біліп өстік ғой.
Сол бір қасиеттің шынашақтай ғана Аружанға қонғанын елдің бас-аяғы жыр ғып айтып жүр.
Небір қиын сынықтарды шебер ұстадай мінсіз орын-орнына қойғанын көргенде хирургтердің өзі таң қалған деп, тамсанып айтады ауылдастар.
Алланың кереметі көп ғой берем десе. Аружанның алдынан екі аяғымды тең басып шыққаныма бүгін бір аптадай уақыт болды.
Аяғымды мықтылап таңып беріп,
-Әпше, он күндей күтініңіз. Абайлап жүріңіз, тобықты тайдырып алмаңыз,- деп дайындаған еді.
Үріп ауызға салғандай, үф еткен желге ұшып кетердей кіп-кішкентай болғанмен, қолына қасиет ұялаған Аружанның кереметін сіздермен де бөлісіп қояйыншы деген ойға келдім.
Мен сияқты ем іздеп жүрген жандарға көмек болар. Сынықтан, грыжадан, аяқ-қол шыққаннан зардап шегіп жүрген жандар көп ғой. Біріне болмаса, біріне пайдасы тиер деген ойдамын. Және, балалардың да түрлі ауруларынан айығуына себепкер болғанын естідім.
Аружан фейсбукте бар ма, жоқ па білмеймін. Бірақ, шексіз алғысымды осылай жеткізгім келді.
Ауырмаңыздар, ағайын!
Суретте емші- сынықшы қыз
Арын Аружан Қадырсызқызы
8702 269 41 20. Сәуле-емші қыздың анасы.
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарағұр ауылы