«Хатты оқып көзіме жас алдым»: Министрден келген хат мұғалімдерді тебірентті
Нұр-Сұлтан қаласы №66 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Батырбайқызы instagram-дағы парақшасына Білім министрінен мотивацияға толы хат алғанын жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
- Кеше түнде сабақтарыма дайындалып отырып, электронды почтамды ашып қалсам, бас ұстазымыз Асхат Қанатұлынан хат келіп тұр. Хатты оқып көзіме жас келді. Хат соңында бойымда әлдебір күш пайда болғандай, жігерлендім,-деп жазды ол.
Сонымен қатар, ол қарапайым ұстазға министр мырзадан жылы лебізге толы хат келсе қуанасың, жұмысыңа деген шабытың оянады, мамандығыңа деген құрметің артады деген ойын блдірді.
- Шынымды айтсам, өз мамандығыммен кеудемді мақтаныш кернейді. Неге дейсіз ғой?! Себебі, біз адаммен жұмыс істейміз. Жәй қарапайым адаммен емес, еліміздің жарқын болашағын жасайтын бақытты балалармен жұмыс істейміз. Иә, мына пандемия бәріміздің еңсемізді түсіріп тастағаны рас. Бұл қиын кезеңде біздің жұмысымыз екі есеге өсті. 4 тоқсанда 3 сағаттық ұйқымен телесабақтар өткізген күндер де болды. Міне, жаңа оқу жылына да телесабақтарға қызу дайындықтамыз. Осындай нағыз қолдауды қажет ететін сәтте министр мырзадан мотивацияға толы хат келгенде, еңсемізді тіктеп, жұмысқа деген шабыт оянады екен. Алғысым шексіз,-деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда балалар мен олардың ата-аналары ғана емес, бүкіл ел ұстаздарға үміт артып отырғанын жеткізді.
- Сондықтан қазіргі жағдайда біздің міндетіміз тек оқыту ғана емес, сонымен қатар тұрақтылық пен сенімділікке бағыт беру. Шыдамды болып, мейірімділік пен ұстамдылық таныта біліңіз. Оны оқушыларыңызға да үйретуге тырысыңыз, деген жігерге толы хат бізді алға жетелегендей,-деп жазды ұстаз.
Министрдің ұстазға жазған хаты мына сілтемеде.