Қазақстанда салафизмды дамытқан - Қайрат Сатыбалды! - дінтанушы

Oinet.kz 17-06-2022 2911

Танымал дінтанушы Құдияр Біләл Қазақстанда салафизмды дамытқан - Қайрат Сатыбалды екенін айтты. Бұл туралы ол "Рейтинг" газетіне берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

- Әуелде бұл топ уахабилер деп аталды. Кейіннен сәләфилер деп атауын ауыстырды. Екеуі де бір ағымның өкілдері. Елімізде бұл ағымды насихаттауға, осы бағытты ұстанатындарды тәрбиелеуге Сауд Арабиясынан миллиондаған қаржы аударылып отырады. Бұл  қаржы жекелеген адамдарға түседі. Солардың ықпалымен әр өңірде қаншама мешіттер салынды. Уахабизмнің саяси күшке айналуы діни басқармаға да ықпал ете бастады. 

Жекелеген имамдардың сайлануына жол ашылып, әлгі  мешіттер сәләфизмді ұстанатын діндарлардың жиналатын мекеніне айнала бастады. Арамызда жүрген уахабистер базарда, ұялы телефон сататын орындарда көптеп жүреді. Олар онда сауда істеп, нәпақа тауып жүрген жоқ. Тек сол жерлерге топтасады. Намаз оқымайтындардың барлығын кәпір санайтындар елімізде біртіндеп үлкен басымдыққа ие бола бастады. Олар қарапайым тұрғындармен қатар ел ішінде беделді, танымал адамдарды да өздеріне тарта білді. Мәселен қазір спортшылар түгел уахабизмді ұстанады деуге болады. Бұл бағыт түрмеге яғни сотталушыларға да жетті. Айтыс төңірегіндегі көптеген талант иелері осылардың қатарына қосылды. 

Мұхамеджан Тазабек тіпті осы бағытты насихаттайтын телеарнаны да ашты. Бұл істің басында Қайрат Сатыбалды тұрғандықтан және қаржылық көздері сол арқылы түсіп отырғандықтан басқасы да, тіпті діни басқарма да оларға қарсы тұра алмады. Оның үстіне уахабизмге біздің елде шектеу қойылмаған. Себебі ол Сауд Арабиясының мемлекеттік діні. Мұның астарында уахабизмге заң тұрғысынан тыйым салса онда Сауд Арабиямен Қазақстанның саяси көзқарастарында қайшылық пайда болады деген мәселе жатыр. Қарсылық болмағасын бұл топтың өкілдері  Қазақстанда өздерінің ұстанымдарын еркін жүргізіп, насихаттарын ашық таратты. Міне, осы жағдайдың барлығы  қазақ даласында уахабизмнің салтанат құруына жол ашты, - деді Құдияр Біләл.

Тоқаев: Қазақ тілі өлмейді! Алаңдауға негіз жоқ
Тоқаев Путинге қарсы шықты. Путин әбден састы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу