Полиция Зағамбардағы жағдайға қатысты түсінік берді

Oinet.kz 25-04-2024 174

438729897_1840578939751119_2250373692428327900_n.jpg 

Түркістан облыстық Полиция департаменті Төлеби ауданы Зағамбар ауылында болған жағдайға қатысты түсінік берді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде аталған ауылда кәмелетке толмаған қызды осы ауылдың кәмелетке толмаған азаматының зорлағаны туралы арыз түскені жазылған болатын.

- Полиция Төлеби ауданындағы кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

Күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сараптама тағайындаумен қатар қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Барлық жағдайлар анықталуда. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды. Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында,--деп хабарлады Полиция.

Осы оқиғадан кейін әлдебіреулер аталға ауылда үш көлікті, қора мен сарайды өртеп кеткені туралы мәлеметтер таралуда.   

--Төлеби ауданындағы ауылда орын алған өрт бойынша төмендегіні хабарлаймыз. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда. Полиция қызметкерлері "ізін суытпай" күдіктілерді ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеуде. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта ауылдағы жағдай тұрақты,--деп хабарлады Түркістан облысының Полиция департаменті.

 


Отырардың әкімі қызметінен неге кетті?
Кадрлық кризис пе, кадрлық бизнес пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу