Руаралық араздықты қоздырған. Шардарада тик-токтағы видеодан шу шықты

Oinet.kz 10-05-2024 353

 663abe67c0ecc923788748.png

Түркістан облысы Шардара ауданында шу шықты. Нақтырақ айтсақ, Өтеғұл елді мекенінің бір топ тұрғыны жиналып, президент Тоқаевқа, Бас прокурор Асыловқа, Ішкі істер министрі Сәденовке бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олардың айтуларынша, биыл 4 мамырда азық-түлік дүкенінің сатушысы, кәсіпкер Гүлнәзия Жантуған есімді әйел ТикТок желісіне видео түсіріп, елді мекен тұрғындарының ар-намысына тиетін сөздер айтып, руаралық араздықты қоздыратын үндеу жариялаған. Бұл жергілікті халықтың ашу-ызасын тудырған. Бүгінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 453-бабы бойынша іс қозғалған. Алайда бұған наразы болған тұрғындар бірауыздан ұйып отырған елді алатайдай бүлдірген әйелдің Әкімшілік кодекстің 453-бабымен жазаға тартылуына келіспейтіндерін айтып отыр. Олар кәсіпкерді ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша жазаға тартуды талап етпеді.

Осы орайда Ulysmedia.kz тілшісі Ішкі істер министрлігіне хабарласып, осы оқиғаға қатысты пікір сұраған.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысы тұрғынының балағат сөздері бар бейнежазбасы бойынша полиция тиісті іс-шараларды атқарған.

--Бұл факт Шардара аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Әйел ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес жауапқа тартылды, - деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.

 


Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
Журналистер --табиғат жанашырлары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу