Саумал сауықтырады

Oinet.kz 14-04-2024 125

image.png

Елімізде саумал терапиясын қарқынды дамытуға үлес қосып келе жатқан төлебилік кәсіпкер – Нұрболат Әбілдаев.  Қоғалы ауылдық округі Диханкөл елді мекенінде жеке кәсіпкер 23 адамға арналған емдеу-сауықтыру орталығын іске қосқан. Саумалмен емделушілер еліміздің Атырау,  Ақтау,  Ақтөбе,  Қызылорда, Түркістан облыстарынан  арнайы келіп, орталықта тынығып, ем алуда. Демалушыларға емдік өнімді әзірлеу үшін 5 бие сауылады. Қымызбен емдеудің бір курсы он күнді құраса, әрбір адам күніне бір литр саумал ішуі тиіс екен. Саумал – жаңа сауылған бие сүті. Одан қымыз ашытылады. Кейде суытып, қымыздың қорына қосылған сүтін «саумал» деп те атайды. Қымыз ішіп, дертіне дауа тапқандар орталықта үш мезгіл тамақ, 4 мезгіл саумал ішіп, тынығуда. Сауықтыру орталығында 10 бөлме бар,  ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілген. 

 Шымкент қаласынан 47 км қашықтықта орналасқан орталық  2021 жылы ашылған. Төрт жылдан бері бұл мекен еліміздің түкпір-түкпірінен келетін демалушылардың сүйікті орнына айналған.  Бағасы да халыққа қолжетімді. 

Сауықтыру орталығында бал татитын қымыз, тандыр нанмен бірге таза ауада сергіп бой жазып көңіл көтеруге болады. 

Саумал - Диханкөлдің бренді
Шетелдік туристерді қызықтырған ауыл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу