Қонақ туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 06-12-2019 2244

Қонақ ырыздығын Тәңір жеткізеді.


Қонақтан аяғанын шайтанға бұйырар.


Қонақ келсе ет пісер,

Ет піспесе, бет пісер.


Қыдырлы қонақ қыдырып келер,

Қыдыры артынан шұбырып келер.


Тексіз адам қонағына тесіле қарайды.

Картинки по запросу қонақ

Бар болса, сойғанның жөні бар,

Бір қойда он кісінің құны бар.


Қонаққа сұрап бергенше, ұрып бер.


Қонақ қонбай кетпейді,

Шақырып қондырғанға жетпейді.


Қорасында сиыры бардың 

Қонағына сыйы бар.


Жағымсыз қонақ жатар уақытта келер.


Екі үйдің қонағы емексіп жүріп аш қалар.


Қонағын сыйламаған 

Не баласын ұрар,

Не үйін сыпырар.


Дастархан басында отырып,

Қонақ аяғын көсілмес.


Қонақ қадірлі болса,

Қазан тез қайнайды.


Қонақ таңертең - алтын,

Түсте - күміс,

Кешке - мыс

Сүйемін туған тілді — анам тілін...
Қазақ тілі жайында тамсана жазған ғалымдар...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу