Баланың түнде ұйқысы тыныш болсын, шошымасын десеңіз...

Oinet.kz 06-09-2020 1004

Баланың түнде ұйқысы тыныш болсын, шошымасын десеңіз, төмендегі кеңестерге назар салыңыз:

Без названия (1).jpg

▪ Ең алдымен, үйде тыныштық сақтаңыз. Теледидардың даусын басыңыз, ақырын сөйлесіңіздер.

▪ Ұйықтар алдында бала психикасы тынығуы қажет. Ойыншықтармен ойнатыңыз, суреттер қызықтаңыз, ертегі айтып беріңіз, сурет салғызыңыз.

▪ Егер баланың інісі (ағасы) не қарындасы (әпке) болса, онда олар бір - біріне ұйықтағанда кедергі жасамауды үйренуі керек. Болмай бара жатса, бөлек бөлмелерге жатқызыңыз.

▪ Баланың төсегі ыңғайлы, үлкен болсын, өте жұмсақ болмасын, бұл омыртқасының қисаюына алып келеді. Бөлме іші қапырық және өте жылы болмасын. Шамды бала түнде оянса, төсектен тұрмай - ақ өзі жаға алатындай етіп орнатыңыз.

▪ Әдетте, бала сүйікті ойыншықтарын құшағына алып жатса, тез ұйықтайды. Сіздің төсегіңізде ұйықтауға рұқсат бермеңіз.

▪ Тамағын жатардан екі сағат бұрын беріңіз.

▪ Бесік жырын айтыңыз, соңы жақсылықпен аяқталатын ертегі оқыңыз, оны жақсы көретініңізді білдіріңіз.

Мұндай махабба тек ұлы тұлғаларда ғана болады
Ғибратты әңгіме: Екі тақуа (монах)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу