Танымал оқытушы тоқал алуды, «көпқатыншылдарды» қатаң сынға алды

Oinet.kz 22-07-2021 4747

Тоқалдық қазақты ұшпаққа шығармайды. Бұл туралы оқытушы Әбдірашит Бәкірұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, тоқал алуға құмарту - отбасы институтын құртады. 

Screenshot_4.jpg

"Негізі, бұл тақырып қоғам үшін аса маңызды мәселе емес. Тоқал қоғамның еш мәселесін шешпейді. Оны тек қайғылы жағдай болса ғана жесірді алумен (ағайын-туыс батасымен) жалғаса болады...

Ал тоқалмен ел демографиясы түзелмейді. Керісінше, ол демографияны кері кетіретін, ағайындық бауырмалдықты (әсіресе, күндестен туатын балалар арасында), бірлікшіл дәстүрдің тамырын суалтатын құбылыс.

Бірлі-жарым позитив "тоқалдық" бізге үлгі болмауы тиіс!

Мысалы, "төрт қатын" деп көп айтатын діншілдердің арасында жетіскені жоқ. Көбі төрт не одан көп ажырасып, балаларын тірі жетім етті. Балалар әкені жек көріп өскен соң, олар да болашақта "әкеден асып" , отбасыда тұрақтамайды... Өз баласын көкек секілді тастап жүре береді...

Демографияның алтын қазығы - берекелі, татулығы жарасқан отбасыда. Молдалар осыны уағыздауы тиіс - "жұмақтағы көп қатынды қазір көрсем" деп сілекейлерін шұбыртпай. Одан әрі, қазақта тектілік деген бар... Осыны да ойлау керек. Мысалы, мен "көпқатыншылардың" ақылы етектен төмен деп санаймын.... (Маньяктыққа жақын).

Олардан тараған ұрпақ та гендік тұрғыда оларды қайталауы бек мүмкін... (Қалай дегенмен де, мұны медицина жоққа шығармайды). Ал тарих дана адамдардан ұрпақ аз болатынын көрсетуде. Өйткені, Даналардаң ойы - ДАНАЛЫҚТА!

Адамзат дамуын алға тартушылар даналар! Яғни, тектілер!" - деп жазды оқытушы.

Қария бағып отырған әйелдерге ескерткіш қою керек
«Жаралы аққу» жазған хат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу