15 жасар жеңіл жүрісті қыз баламның басын қатырып жүр

Oinet.kz 07-04-2024 3072

Саламатсыз ба! Сізді көптен оқмын, ақыл-кеңесіңіз керек болып тұр. Балам бар 18 жаста. Өзі аңқау, жұмсаө мінезді, денсаулығы да шамалы. Осы балам жақыннан бастап көшеде, паркте бір қызбен танысып қалған. Жасы 15-те екен. Енді баламның басын айналдырып жүр ана қыз. 

Screenshot_6.jpg

Әке-шешесі қайда екенін білмеймін. Бірақ кезбе қыз екен. Әр жігіттің үйіне барып қонады. Жасы 15-те ғана. бірақ не жүріс екенін білмеймін. Қараусыз. Онымен қоймай баламнан ақша соруды шығарыпты. Бізге әке-шешесінен өтірік айтып ақша алып, ана қызға жіберіп отырады екен. Алдауды шығарыпты біз басы айналып. Әйкесі жәйлап жігітше сөйлесіп "бәлесінен аулақ, құттай қыз жақындама" деген. "Иә" деп қойған еді. Ана қыз үйге іздеп келіп "қонайыншы үйіңе" депті. Балам "Мама, үйіне мамасы кіргізбейді. Қонса бола ма?" деп шалқамнан түсіргені бар. Одан қалса ішеді екен. Балам "ішпеші" деп жалынатын көрінеді. Қыз "иә" деп алып жігіттермен ішіп жүреді екен. Вообщ не істерімізді білмей қалдық. Ата-анасы бар ма, қайда білмеймін. Не істеуге болатынын білмей басым қатып жүр. Балама "Жоламашы" деп жай айытп көргем. Ол айтады "Көмектескім келеді ғой" деп. "Ішпеші" деп те айтады екен. Ол қыз еще міндет қылып "Ақша жоқ қазір ішетін" деп...

Сонда ата-анасы қайда қарап отыр? Қыз бал болғасын қарап отырмаса қиын. Еріп кетеді ғой әркімге бір тайып кетсе. Ақыл айтар адам болмаса даладан іздеп кетеді ғой. Енді мыа балама қалай жеткізсем болады? Ақыл-кеңестріңізді берсеңіздер...

Ләззат Ракишева 

Instagram парақшасынан

Бойжеткен қыз кедей ата-анасынан ұялатынын, оларды жек көретінін айтты
Күйеуім инстаграмда лайк басқаным үшін ұрып тастайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу