Ақпарат ағынынан мидың жұмысы бұзылады
Смартфон мен компьютерді шектен тыс қолдану депрессия мен маразмға (алжуға) әкеледі.
Қазір есте сақтау қабілеті бұзылған, нашарлаған адамдар көбейді. Олардың арасында 30 жастан асқандар да бар. Дәрігерлер мұның себебі адамдардың ұялы телефон мен компьютерді көп қолданатындығында дейді. Өйткені компьютер мен телефоннан келетін ақпарат көп болғандықтан, адам оның бәрін қорытып үлгермейді. Содан адам миы қоқысқа айналады. Сондықтан ғалымдар компьютер қолданып не теледидар көріп отырған кезде смартфон пайдаланбаған жөн дейді.