Азамат Сатыбалды өзі туралы қауесет таратқандарға шүйлікті
Қазақстандық белгілі актер Азамат Сатыбалды өзін Түркістан театрына басшылыққа барады деп қауесет таратқандарға жауап берді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Сөз.......Сөз.......Сөз... Мені Түркістан театрына Директор болып барады деген,өсекке бергісіз сөз желдей есіп жатыр екен. Ниет көңілдеріңізге Рахмет. Қазір тұрып жатқан әсем қалам Алматы мен жұмыс орным қатты ұнайды. Мен Ғ.Мүсрепов театрының басшысымын және М.Әуезов театрының актерімін. Актер үшін бұдан асқан бақыт бар ма?! Тек осы бақыттың баянды болғанын тілеймін Аллахтан. Ал менің атымды жамылып дауды өршіткісі келетін әріптестеріме айтарым: "Айдаладағы адамның атын қалқан қылып ұстамасаңыздар екен". Ең болмаса бір адам телефон шалып менен сұраған жоқ, менің де аузымнан ол жаққа Директор болып барамын деген сөз шыққан жоқ, Құдай куә. Демек бәрі өтірік! Жүйелі сөз жүйесін тапса, жүйесіз сөз иесін қабады дегенді ұмытпасақ екен! РАХМЕТ! - деп жазды Азамат Сатыбалды.