Шымкент қаласында оқушылар арасында тұмау таралуы тіркелген жоқ

Oinet.kz 15-10-2023 200

Шымкент қаласында тұмаумен күрес шаралары қолға алынуда. Соған орай егу жұмыстары басталып кеткен. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетованың айтуынша,  қала аумағында тұмауға қарсы егу жұмыстары басталған. 

Screenshot_75.jpg

- Бүгінгі таңда шаһарда 2022-2023 жылдың эпидемиологиялық кезеңінде мектеп оқушылары арасында жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудан топтық аурушаңдық тіркелмеген. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар – тыныс алу жолдарының зақымдалуымен жүретін полиэтиологиялық аурулар тобы. Шымкент қаласының тұрғындары арасында ЖРВИ аурушаңдығы жыл мезгіліне қарамай тіркелуде. Ауырғандардың басым бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, - деді Айгүл Тұрымбетова.

Оның айтуынша, өткен эпидемиологиялық кезеңде тұмаудың нақтыланған 93 жағдайы тіркелді, тұмаудың А түрі басым болыпты. Қалада тұмаудан басқа вирустар да таралуда. Басқа тұмаусыз инфекцияларға 244 сынама тексерілген. Оның ішінде 77 сынамада (31,5%) оң нәтиже анықталды, риновирус – 28, аденовирус – 3, коронавирус - 6, метапневмовирус – 2, РС вирус – 13, парагрипп – 25.

Биылғы эпидемиологиялық маусым 1 қазаннан 2024 жылдың 30 сәуір аралығында жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымы және эпидемиологиялық ахуалдың өршитін кезі екен.     

- Тұмаудан эпидемиологиялық маусымда аурушаңдықтың алдын алу барысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен халықтың 12,6 пайызы жететін «Гриппол+» вакцинасы (Ресей өндіруші) алынды. Ағымдағы мерзімде тұмауға қарсы егу ҚР БМСД 11.09.2023 жылғы «Тұмау және ЖРВИ жөніндегі 2023-2024 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» №6 қаулысының талабына сай осы жылдың 1 қазан айынан бастап бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерінде салынады. Жіті респираторлық вирустық инфекциялық тұмау клиникасының көріністері ұқсас. Науқастың тыныс алу жолдарының зақымдануымен ауру белгілері өте жіті басталатын, жалпы әлсіздік, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С жоғарылауы, бастың қатты ауыруы (ауруды басатын препараттарды қабылдағаннан күнде де), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқта геморрагиялық бөртпелер пайда болатын жұқпалы ауру. Сондай-ақ бұл тұмаудың асқынуы салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады. Бұл тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – тұмауға қарсы егу. Тұмауға қарсы екпе – медицина қызметкерлеріне, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен сәбилер үйлерінің балаларына, қарттар үйлерінің контингенттеріне, 2-3 триместрдегі жүкті әйелдерге, эпидемиологиялық көрсетіліммен егіледі, - деді Айгүл Тұрымбетова.

Сонымен қатар тұмауға қарсы егу егілушінің немесе оның заңды өкілінің жазбаша түрдегі ақпараттық келісіммен дені сау кезінде тегін тіркелген емханада жүргізіледі. Сондай-ақ тұмау, ЖРВИ, ТҰА, АЖРИ-ды күнделікті және шолғыншы қадағалау шеңберінде және COVID-19-дың клиникалық белгілерімен медициналық ұйымдарға жүгінген пациенттерге, жансақтау мен қарқынды терапия бөліміне АЖРИ-мен емдеуге жатқызылған пациенттерге тұмаудың және басқа да ЖРВИ-дың және COVID-19-дың вирустарына зертханалық тексерулер жүргізіледі.

Шымкент қаласының дәрігерлері алматылық әріптестерімен бірлесе күрделі ота жасады
Шымкент қаласында 5 мектеп пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу