Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Америкалық лингвист ультрадыбыстық технологиямен қазақ тілінің сөйлеу ерекшеліктерін тапты

17.08.2017 | 14:43
Америкалық лингвист ультрадыбыстық технологиямен қазақ тілінің сөйлеу ерекшеліктерін тапты

  Джонатан Вашингтон осы тақырыпта докторлық диссертациясын қорғап, қазақ тілінің шығу тарихын тереңірек зерттемек. Жас профессор, Суортмор университеті лингвистика кафедрасының доценті Джонатан Вашингтонның қазақ тіліне деген қызығушылығы ерекше. Ол осы оқу ордасында фонетика мен фонологияны зерделеп, компьютерлік лингвистика жасайды. Қазақстанға 2004 жылы келгенде, Брэндай университетін бітірген кез еді.    Түркологияға қызығушылық танытқанымен, дипломдық жұмысын қазақ тілінің ерекшеліктеріне арнады. Магистратурада оқып жүргенінде түрік әлемін терең зерттей бастады. Джонатан Вашингтон, лингвист маман, профессор: – УЗИ аппаратымен қарауға болады.

  Алдымен сұйықтықты құямыз. Осы технология арқылы дауысты дыбыс пайда болады. Көріп тұрғандарыңыздай, бұл тілдің алдыңғы және артқы бөлігі. «О» әріпін айтқанда алға қарай шығады. Джонатан қазақ тілінің латын қарпіне көшуі турасында пікір білдірді. Осы орайда әлемдік тәжірибеге сүйенуге кеңес береді деп хабарлайды 24.kz

Авторлары: Майра Абдрахманова, Ренат Садыров


 
Көрілді: 670
Жаңартылған: 17.08.2017 | 14:47
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем