Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Еліміздің кейбір аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, жел тұрады

28.08.2017 | 09:34
Еліміздің кейбір аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, жел тұрады

    Қазақстан территориясы антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды Қазгидромет.

   Тек солтүстікте және шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай күтілуде, жел 15-20 м/с Солтүстік Қазақстан облысында - түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

photo 32340

   Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз таулы аймақтың кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с күшейіп, Ақмола облысының жекелеген аудандарында найзағай жарқылдайды.

    Күндіз Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарында қатты ыстық ауа райы сақталады. Ақтөбе, Атырау, Қызылордада, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 
Көрілді: 2978
Жаңартылған: 28.08.2017 | 09:39
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем