Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Нұрсұлтан Назарбаев Мьянмадағы қанды қырғынға қатысты алғаш рет пікір білдірді

11.09.2017 | 09:54
Нұрсұлтан Назарбаев Мьянмадағы қанды қырғынға қатысты алғаш рет пікір білдірді

      Әлемдегі мұсылмандар арасындағы бытыраңқылық пен конфессияға бөлінуді сыртқы күштер өз мүддесіне пайдалануда. Бұл туралы бүгін елорда төрінде басталған Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1497612460 0001-274

     «Жақында Мьянмада болған шиеленіске қатысты алаңдаушылығымызды бәріміз білдіреміз. Барлық тарапты зорлық-зомбылықты дереу тоқтатып, диалогты Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында жалғастыруға шақырамыз. Үшіншіден, 1,5 миллиардтан астам адамды біріктіретін ислам әлемі бүгінде, өкінішке қарай, ауызбіршілік таныта алмай отыр.

    Содан біз көп ұтылып отырмыз. Мұсылмандар арасындағы бытыраңқылық пен конфессияға бөлінуді сыртқы күштер өз мүддесіне пайдалануда. Біз мұны артта қалдыруымыз керек», - деді Қазақстан Президенті.

 
Көрілді: 4640
Жаңартылған: 11.09.2017 | 10:23
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем