Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қытай су астында жүзетін роботты ойлап тапты

22.07.2018 | 11:37

Қытайдың теміржол жылжымалы құрамының корпорациясы су астында жүк таситын әлемдегі алғашқы роботты таныстырды. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ fmgnews.info сайтына сілтеме жасап хабарлады. Қытайлықтар ойлап тапқан роботталған ROV капсуласы жүктерді ғана емес, жолаушыларды да тасымалдай алады. Роботтың қозғалтқышының қуаты 250 ат күшіне тең. Болжам бойынша, ол алғашқы кезеңдерде түрлі зерттеу экспедициялары аясында және құтқару жұмыстары үшін қолданылатын болады. «ROV-ты үш шақырым тереңдікте пайдалануға болады. Оны құтқару мен зерттеу миссияларынан бөлек, теңіз түбінен пайдалы қазбаларды табу үшін жұмсауға болады», - дейді құрастырушылар. Суасты роботты сынақтан өткізу 2020 жылы басталады. Егер сынақ сәтті өткен жағдайда оның жаппай өндірісі басталмақ. Су астында жүк тасымалдайтын қытайлық роботтың аналогы әзірге әлемде жоқ. Бірақ оны жаппай өндіріске енгізгенге дейін өзге елдерде ұқсас жобалар пайда  болуы мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.



 
Көрілді: 8498
Жаңартылған: 23.07.2018 | 11:40
Категориялар: Басты жаңалықтар, Әлем