Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жаңалықтарға шолу

Мәскеуге жол бастаймыз!

Жеңістің 70 жылдығына дайындық басталып кетті

04.09.2014 | 10:24
Көрнекі сурет

Парламенттің кезекті сессиясын ашып берген президент Н.Назарбаевтың көп тапсырмасының бірі – Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына дайындық мәселесі болды. Айтулы шара келесі жылы өтпек. Дегенмен, президенттің сөзін жерге түсірмей, келесі күні дереу іске кірісіп кеткен азаматтар да төбе көрсетті. Мәселен, «Халық қаһарманы»,  генерал-лейтенант, мәжіліс депутаты Бахытжан Ертаев журналистерді арнайы жиып алып, қыркүйектің 12-і мен 21-і аралығында халықаралық автошеру өтетінін хабарлады. Депутаттың айтуынша, автошеру тоқтаған жерде жастарға патриоттық тәрбие берілмек, намыстың рухы көтерілмек, соғыс ардагерлеріне құрмет жасалмақ, Отанды қорғау жолында шейіт болған ата-апаларымыз еске алынбақ. Автошеру Алматы-Бішкек, Қостанай-Ақтөбе-Орал-Оренбург-Самара-Подмосковье-Мәскеу бағытын жүріп өтпек. «Жеңістің 70 жылдығына орай өтетін мерекеге дайындық ешқашан ерте емес» дейді мәжіліс депутаты. 

Көрілді: 1606
Жаңартылған: 14.09.2014 | 23:27
Категориялар: Жаңалықтарға шолу, Өмірдегі басты жаңалықтар, Оқиғалар