Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Күнгейдің спортшылары жарап тұр

13.09.2017 | 13:21
Күнгейдің спортшылары жарап тұр

     Кеше Үкімет отырысында халықты денешынықтыруға тарту және спорттық нысандарда инфрақұрылымды дамыту мәселелері  қаралды. Халықты денешынықтыруға тарту ісі бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында тіисті деңгейде атқарылып келеді. Мәселен облыста спорттың 63 түрі дамытылып, 87 мемлекеттік спорт мекемелерінде 54 мың спортшы күнделікті оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.  Оларға 2400-ге жуық жаттықтырушы қызмет көрсетуде. Ағымдағы жылдың 8 айында бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс аумағында жалпы 3060 спорттық іс-шара  өткізіліп, оған  360 мыңнан аса адам қатысқан. Облыстағы  дене шынықтыру мен спортты дамытуға биылғы жылға 12,4 млрд. теңге қаралған. Ағымдағы жылы облыс спортшылары спорттың 63 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып 391–алтын, 384–күміс, 378–қола медаль жеңіп алған.

      Айта кетейік, Елбасы «Қазақстан 2050» Стратегиялық Жоспарында «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет» деп атқарушы органдарға нақты тапсырма берген болатын. Жолдаудағы міндетті күнгейліктер мінсіз орындап келе жатқанын атап өтпеске болмас.  

 
Көрілді: 106
Жаңартылған: 13.09.2017 | 13:23
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар