Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Бала құқығы қорғалуы тиіс!

22.11.2017 | 18:43
Бала құқығы қорғалуы тиіс!

      Мемлекет басшысы «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес.

Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын» деп бүгінде балалардың құқығы жиі бұзылатынын және олай болуыға тиіс емес екенін еске сала отырып, нақты тапсырмалар берген болатын. Жолдау жүктеген міндет бойынша балалардың құқығы жөнінде мамандардың қатысуымен әр өңірде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Мәселен осындай жиынның бірі Арыс қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінде өтті. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Бала құқығы - адам құқығы» тақырыбында өрбіген  тәрбие сағатында арнайы мамандар дәріс жүргізді. Сондай-ақ тәрбие сағатында балалар Қазақстан Республикасы Заңдарымен, Бала құқығы конвенциясының баптарымен және Елбасының Жолдауымен жан-жақты танысты. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділік туралы өз ойларын ортаға салып, дей келе, жалпы жастарды заңға мойынұсынушылық мінез-құлық танытуға, «Заңды білу-заман талабы» екендігін түсіндіру болып табылады.

 
Көрілді: 362
Жаңартылған: 22.11.2017 | 18:45
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар