Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

ОҚО терроризмге қарсы комиссиясының логотипі бекітілді

13.01.2018 | 09:26
ОҚО терроризмге қарсы комиссиясының логотипі бекітілді

 

-ОҚО терроризмге қарсы комиссиясының логотипі бекітілді,-деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік тілдегі жазу латын әріптері қолданылған аббревиатуралар жиектің жоғарғы сыртқы көк шетінде орналасқан: ON'TU'STIK QAZAQSTAN OBLYSY TERRORI'ZMGE QARSY KOMISSIASY «TQK»;

Кириллицада жазылған ТҚК аббревиатурасы мемлекеттік және ресми тілде көк түсті жазу ішкі ақ жиекте орналасқан;

Логотиптің жоғарғы ішкі бөлігінде қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жанындағы құрылған ТҚК білдіретін он бес жұлдыз орналасқан;

Көк түсті аясында ашық аспанды, бейбітшілік пен өркендеуді білдіретін облыс аймағының конфигурациясы аспан-көк түсте суреттелген;

Тұрақты болашаққа және биік мақсаттарға ұмтылуды, бостандықты, адалдықты, абыройлы сезімді, ерлікті, күш пен ойдың тазалығын білдіретін алтын түсті ұшқан қыранның (бүркіт) бейнесі логотиптің төменгі ішкі бөлігінде орналасқан.

112233

 
Көрілді: 530
Жаңартылған: 12.01.2018 | 16:27
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар