Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жанарбек Әшімжан – "Ана тілі" газетінің бас редакторы

10.07.2018 | 10:16

«Ана тілі» ұлт басылымының бас редакторы ауысты. Зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты, 2009 жылдың наурыз айынан бері «Ана тілі» газетін басқарып келген Қазақстан Жазушылар Одағы және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы Самат Бектенұлы Ибраимге «Қазақ газеттері» серіктестігінің ұжымы басылымға сіңірген зор еңбегіне алғыс білдірді.

 

Бүгіннен бастап, республикалық «Ана тілі» ұлт басылымының бас редакторы болып журналист, ақын, публицист Жанарбек Әшімжан тағайындалды. Жанарбек Әшімжан 1976 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында туған. 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Жанарбек Әшімжан «Алматы ақшамы» газеті, «Қазақстан» журналы, «Жас Алаш» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2005 — 2008 жылдары республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталығында бас редактордың орынбасары, одан кейін Жазушылар одағына қарасты «Жұлдыз», «Простор», «Сын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеттерін біріктірген «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры қызметін атқарды.

 
Көрілді: 4383
Жаңартылған: 10.07.2018 | 10:22
Категориялар: Қоғам