Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Айтуға оңай»...шоу осыменен бітті

10.08.2017 | 14:44

 

«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Айтуға оңай» ток-шоуы аяқталды. Бұл жайында аталған ток-шоудың жүргізушісі Бейсен Құранбек Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Иә, «Айтуға оңай» аяқталды. Тамыздың соңына дейін қайталаулар беріледі. Сонымен бітті... Бес жылдың ішінде қоғамдағы қордаланған проблемалар, қиюы кетіп тұрған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, талайлы тағдырлар туралы айтудай-ақ айттық. Жәй ғана айтып қоймай, қолдан келгенше сүрінгенге - сүйеу, жығылғанға - жастық болдық. Осылай жалғастыра берсек те болатын еді. Қалыптасқан, елдің көңілінен орын тапқан бренд, форматты ары қарай да қолдана беруге болатын еді. Бірақ әр нәрсенің уақыты бар, әр нәрсенің өлшемі бар. Одан кейін қайталау, ұсақталу, кері кету басталатыны белгілі. Жеке өзім үшін де бұл шешім оңайға түскен жоқ. Құдай өмір берсе сағынышпен еске алатын бір кезең артта қалып барады. Мен үшін «Айтуға оңай» үйрену, өсу, қызмет ету мектебі болды», - деп жазды ол. Сонымен қатар Бейсен Құранбек аталған ток-шоуды шығаруға көмек көрсеткен барлық әріптестеріне шынайы ризашылығын білдірген.

 
Көрілді: 955
Жаңартылған: 10.08.2017 | 14:48
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет