Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

"НұрМұқасан" дуэтінің тарауы топтағы әншіге ауыр тиген

12.08.2017 | 18:32

   "НұрМұқасан" дуэті енді бірікпейді. 26 жыл бойы шоу-бизнестің шыңын бірге бағындырған Нұрлан мен Мұқасан жеке-жеке өнерлерін жалғастырмақ. Алайда, топтың тарауы әсіресе, Нұрлан Қонысбаевқа ауыр тиіпті деп хабарлайды 31 арна.

   "Бір жарым айдай жатпай тұрмай баяғы әндерімді есіме түсірдім. Қиын болды бірақ", - дейді әнші Нұрлан Қонысбаев.

   Дегенмен, Нұрлан қол қусырып отырар жайым жоқ деп жанына қызылордалық Исахан есімді әншіні серік етіп алған. Оның басқа әншілерден ерекшелігі баянда жақсы ойнайды.

"Ән айту туралы ұсынысты Нұрлан аға жасады", - дейді Исахан.

   Бүгінде Нұрлан мен Исахан ән қоржындарын жаңарту үстінде.

   "Әндерімізді жанды дауыста орындаймыз", - дейді Нұрлан.

Халықтың көңілінен шықса, тіпті Республика Сарайында жеке кештерін де өткізу ойларында бар.

 
Көрілді: 1018
Жаңартылған: 12.08.2017 | 18:36
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет