Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

ТҮРКІ ƏЛЕМІНІҢ СУРЕТШІЛЕРІ БІР КҮНДЕ 28 ЭТЮДТІК ЖҰМЫСТАР ЖАСАДЫ

17.08.2017 | 13:56
ТҮРКІ ƏЛЕМІНІҢ СУРЕТШІЛЕРІ БІР КҮНДЕ  28 ЭТЮДТІК ЖҰМЫСТАР ЖАСАДЫ

     «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясындағы ХХ-шы ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдер суретшілері пленэрі киелі Түркістан қаласында өтуде. Шымкентте өткен дөңгелек үстелден соң рухани қалаға аттанған қылқалам шеберлері Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында кенеп бетінде майлы боуямен салынған кескіндемелік 28 этюдтік жұмыстар жасап шықты.
    Пленэрдің мақсаты-тәуелсіз еліміздің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ғасырлардан сыр шерткен қасиетті мәдени сәулеттік ескерткіштерін, тарихи орындар мен ұлттық өнерді насихаттау мақсатында түркі тілдес елдердің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері жəне талантты қылқалам шеберлерімен кескіндеме саласы бойынша өзара тәжірибе және пікір алмасуды жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар, Оңтүстік өңірінің өзіндік табиғи географиялық ерекшеліктері мен көз тартарлық орындарын бейнелейтін халықаралық деңгейдегі өнер шығармаларын жасап, насихаттау. Бейнелеу өнерінде жаңа көркем бағыттар және пластикалық шешімдер мен формаларды іздестіру назарда.
    Пленэрге 9 мемлекеттің, яғни, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Украина, Болгария, Молдавия елдерінен 17 суретші, ал елімізден Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент қалаларынан 13 кәсіби суретшілер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, ҚР Көркем академиясының мүшелері және өнер профессорларынан құралған 28 делегат бар. Түркістан қаласындағы шығармашылық жұмыстар 3 күнге жалғасады. Суретшілер тобы кесене аумағы мен қаланың көрікті жерлерін сырлы бояу арқылы суреттейтін болады.

RD79aGdKMD8

   Арнайы кестеге сәйкес қылқалам шеберлерінің пленэрі Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесі мен тарихи, мәдени ескерткіштер және Хан тағы, Қаратау қорығы аумағы, Бәйдібек ауданының Ақмешіт, Қостұра аймағы мен Қазығұрт, Сайрам-Өгем тау шатқалдары, Шымкент қаласының көрікті орындарында жалғасын табады. 
   Ағымдағы жылдың 22 тамызы күні облыстық Бейнелеу өнері музейінің көрме залында пленэр барысында салынған жұмыстардың қорытынды көрмесінің ашылу салтанаты мен марапаттау рәсімі өтетін болады.

                                                                                        ОҚО Мәдениет басқармасы

 
Көрілді: 520
Жаңартылған: 17.08.2017 | 14:10
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет