Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Оңтүстікте тұңғыш рет хор ұжымдарының «Дауыстар үндестігі» фестивалі өтті

18.10.2017 | 15:06

Облыстық мəдениет басқармасы, облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастырумен аудан, қаладағы хор ұжымдарының «Дауыстар үндестігі» облыстық фестивалі өтті.

FB IMG 1508237900973-630x420

      Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шараны облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Б.Жорабеков пен Ордабасы аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Жылқыбай құттықтау сөзбен ашып берді.
        Фестивальге өңірдің аудан, қалаларынан іріктеуден өткен 10 хор ұжымы қатысты.
Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласындағы
«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, халық шығармашылығындағы хор жанрын дамыту, талантты хор ұжымдарын анықтау, олардың шығармашылықтарына қолдау көрсету мақсатында қолға алынған фестивальде қатысушылары хорға арнап өңделген  Қазақстан композиторларының Отан, туған жер тақырыбындағы патриоттық   шығармаларын орындады.

       Фестивальге қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Шара келесі жылы байқау түрінде жүзеге аспақ. Айтулы жиын аясында Ордабасы аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасы мен аудан келбетін айқындайтын қолөнер жəне кітап көрмесі көрермен көзайымына айналды.

 
Көрілді: 1367
Жаңартылған: 18.10.2017 | 15:11
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет