Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мейрамбек магистр атанды

28.06.2018 | 12:00
Мейрамбек магистр атанды

Білім алуға қай жаста да кеш емес. Күні кеше Еуразия ұлттық университетін тәмамдап, әлеуметтік ғылымдар магистрі атанған Мейрамбек Бесбаев бұл сөзіміздің айқын дәлелі бола алады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Аталған білім ордасын Бесбаевпен бірге көп жылдан бері “Музарт” тобының директоры қызметін атқарып келе жатқан Ерлан Жүнісбай да тәмамдаған. Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев желідегі парақшасында жазды.

“Лев Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар магистрлерін құттықтап қойыңыздар, достар! “Бәрі таниды ғой, былай-ақ өткізе салған шығар”, “Сатып алған шығар” деген әңгіме айтуым жоқ. (Екеуін де ешкім танымапты, ақша алмапты ) Білім инемен құдық қазғандай. Алла тағала баршамызды пайдалы іліммен сусындата берсін”, – деп жұртты күлдірді Майғазиев.

41

 
Көрілді: 2107
Жаңартылған: 28.06.2018 | 12:08
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет