Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен Назерке Әріп өлі күйінде табылды

06.09.2017 | 14:28
Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен Назерке Әріп өлі күйінде табылды

Алматыда жоғалып кеткен Назерке Әріптің мәйіті Кеңсайдан табылды. Марқұмды бүгін жерлейді. Бұл туралы белгілі тележүргізуші Жанат Бақыт мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

368bf6cd33a151dc6ec63b25563e3bdc

 

"Назеркенің мәйітін Кеңсай зиратына келген Алматылық зейнеткер тауып, полицияға хабар берген. Ол алғашында жерде жатқан қыздың шашын байқап қалыпты. Мәйіттің тек шашы мен сүйектері қалған. Естуімше, марқұмның үстінде жоғалған күні киіп кеткен қара көйлегі болған. Сондай-ақ Назеркенің имплант тісі де орнында болып шықты. Марқұмды бүгін жерлейді", - дейді Жанат Бақыт.

 

Алматы қалалық ІІД сараптама жасалып жатқанын жеткізді.

"Сараптама қорытындысы шыққанша іздестіру шаралары аяқталды деу ерте, сараптаманың нәтижесін күтудеміз", - дейді Салтанат Әзірбек.

Жоғалған қыздың ата-анасына полицейлер соңғы кіріс-шығыс нөмірлері мен болған орнын анықтап берген. Соңғы болған мекен-жайы - Жетісу ауданы Айша бибі және Рысқұлов көшелерінің қиылысы.

 

Осы уақытқа дейін бірқатар экстрасенстер Назеркенің тірі екенін айтқан болатын.

 
Көрілді: 18862
Жаңартылған: 06.09.2017 | 14:34
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар