Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Еліміздегі бірнеше облыстарда қатты жел тұрады

11.09.2017 | 10:27
Еліміздегі  бірнеше облыстарда қатты жел тұрады

  "Казгидрометтің" хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар аймақтарында желдің күшеюіне қатысты алдын ала хабар таратылды деп жазады Sputnik Қазақстан.

Астанада 11 қыркүйек күні оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 м болады.

cb8aefd2-ce10-4e8f-bc36-ea916bab06a1

   11 қыркүйек күні түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде жауын-шашын болып, бұршақ жаууы ықтимал. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 м күндізгі уақытта секундына 23-28 м дейін жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 м болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында желдің күші секундына 15-20 м жетеді.

 

  Алматы облысында 11 қыркүйек күні жауын жауады. Батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м болса, күндіз желдің күші 25 м дейін жетеді.

Қостанай облысында желді күші басқа аймақтарда тәрізді секундына 15-20 м жетеді.

 
Көрілді: 608
Жаңартылған: 11.09.2017 | 10:34
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар