Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Каспий жағалауындағы су қызыл түске боялды

07.01.2018 | 20:18
Каспий жағалауындағы су қызыл түске боялды

Ақтаудағы бірінші ықшамауданды жағалай "Шағала" қонақүйінен бастап "Нұр плаза" жағажайына дейінгі аралықта Каспий теңізінің жағалауындағы су қызыл түске боялды. Жағада балдырлар мен теңіз өсімдіктері көптеп жатыр, - деп хабарлады Lada.kz. "Су шамамен екі апта бұрын қызыл түске бояла бастады. Ол кезде қатты білінбейтін. Ал қазір теңізге көп қан төгілгендей", - дейді жағалауға жақын маңда жұмыс істеп жүргендер. Басылымның мәліметінше, 2017 жылы мамырда Ақтау тұрғындарын теңіз суының түсі тағы да ойландырып қойған еді. Ол кезде экология департаментіндегілер жағалауға теңіз өсімдіктерінің шығып қалғанын айтқан. Lada.kz Маңғыстау облыстық экология департаментіндегілерден бұған қатысты түсінік беруді өтінді.

 
Көрілді: 304
Жаңартылған: 07.01.2018 | 20:22
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар