Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Астана банкі» клиенттерінің аманатына қиянат жасады Немесе банктердің рейтингісіне сенуге бола ма?

07.06.2018 | 14:34
«Астана банкі» клиенттерінің аманатына қиянат жасады Немесе банктердің рейтингісіне сенуге бола ма?

«Астана банкі» құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұрған сияқты. Банк клиенттерінің есеп-шоттарындағы ақшаны алуға уақытша шектеу қойғаны белгілі. Оның мерзімі 2 маусымда бітуі тиіс еді. Алайда банк 2 маусымда шектеудің мерзімін 31 тамызға дейін ұзартты. Осыған байланысты жер-жерде банктің бұл шешіміне қарсы наразылық өршіп барады.

Банк басшылығы жағдайды реттеу үшін қажетті шараларды қолданып жатқанын айтуда. Алайда бұдан бір нәтиже шығып жатқан жоқ.

Естеріңізде болса, сәуірде президент Н. Назарбаев Қазақстандағы бірқатар банктердің, соның ішінде «Астана банкінің» мемлекеттік қолдауларды алғанымен, көрсеткіштерінің өте нашар екендігін айтқан болатын. Осы сөздерден кейін-ақ, банк клиенттері салымдарын шешіп ала бастады. Шоттағы ақгшаларды алуға қойылған шектеу қалайда банкті сақтап қалудың самалы сияқты. Алайда банк ең бастысы клиенттерінің сенімінен айырылды. Олардың аманатына қиянат жасады.

Сол сәуір айында «Астана банкі» Қазақстандағы банктердің активтері бойынша жасалған рейтингіде 32 банктің ішінде 16 орын алған екен. Кеше рейтингтің бел ортасында жүрген банктің қазіргі жағдайы мынау. 

 

"Рейтинг" газеті, 2018 жыл

 
Көрілді: 1629
Жаңартылған: 07.06.2018 | 14:37
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар