Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Талдықорғанда әлеуметтік желіде тікелей эфир жүрігізіп тұрған қыз биіктен құлап кетіп мерт болды

09.06.2018 | 13:57
Талдықорғанда әлеуметтік желіде тікелей эфир жүрігізіп тұрған қыз биіктен құлап кетіп мерт болды

Талдықорғанда 15 жастағы қыз қараусыз қалған биік ғимараттың 8-інші қабатынан құлап кетіп мерт болды. Ол  қайғылы оқиға орын алған кезде құрбыларымен бірге ғимараттың ішінде жүргенін әлеуметтік желідегі тікелей эфирге түсіріп жүрген, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы облыстық полициясының баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады.

Қайғылы оқиға 7 маусымда кешкі уақытта қалалық жағажайдың маңындағы салынып бітпеген қараусыз ғимаратта орын алған. 15 жастағы қыз үш құрбысымен бірге қараусыз қалған ғимаратта жүрген. Оқушылар иесіз ғимараттың ішінде жүрген сәтін әлеуметтік желідегі тікелей эфирге түсіріпті.

Артынша олар қараңғыда сегізінші қабатқа көтерілген. Осы кезде қыздардың бірі биіктен құлап кетіпті.

Облыстық полициядағылардың мәлімдеуінше, Талдықорған ІІБ қызметкерлері қыздың өліміне қатысы тиісті тексеру жұмыстарын жүргізеді. Аталған оқиғаға қатысты тергеуді облыстық ювеналды полицияның бақылауына алған.

20

 
Көрілді: 3072
Жаңартылған: 08.06.2018 | 14:04
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар