Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

5 айда 3 миллион қазақстандық ұшақпен ұшып рекорд жаңартты

11.07.2018 | 14:53

Соңғы бес ай ішінде 3 млн адам әуе тасымалы қызметін пайдаланған. Бұл туралы ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Биыл Қазақстанның азаматтық авиациясында жолаушылар тасымалының жоғары өсу қарқыны сақталуда. Мәселен, 2018 жылдың 5 айы ішінде тасымалданған жолаушылар саны 3 млн  құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 12%-ға (2,5 млн адам) артық. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әуежайлары биылғы 6 айда 6,5 млн адамға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіште өткен жылғы сандардан 12%-ға артып отыр», - делінген Комитетің Фейсбуктегі парақшасында. Сондай-ақ, 2017 жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласында тасымалданған жолаушылар саны 7,4 млн құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 23%-ға артып, рекордтық көрсеткішке жеткен.  «Биыл әуе компаниялар тасымалдаған транзиттік жолаушылар санының өсуі де байқалады. 2018 жылдың бірінші жартысында өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл сегменттегі өсу қарқыны 30%-ды (400 мың адам) құрады», - дейді Комитеттен.

2

 

 
Көрілді: 3823
Жаңартылған: 11.07.2018 | 14:59
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар