Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

8 Наурызда сыйлық алған шенеунік сотталып кетуі мүмкін

02.03.2018 | 08:56

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті шенеуніктерге Наурыз айында сыйлық алуда сақ болуды ескертті. Altaynews сайтының жазуынша, департаменттің Әдеп кеңесінің кезекті отырысында осы мәселе сөз болған.

Жаңа жыл мерекесі  қарсаңында департамент мамандары Өскемен, Семей қалаларының бірқатар басқармаларында, Комитет пен Агенттіктердің  облыстық департаменттерінде, Ұлан, Глубокое ауданының бөлімдерінде рейд жүргізген болатын. Соның нәтижесінде  К.Либкнехт көшесінің 19 ғимаратында және  Қазақстан көшесі, 59/1 ғимаратында орналасқан мемлекеттік органдарға тәтті, жеміс-жидектерге толған кәрзеңкелерді,  спиртті ішімдіктерді кіргізудің жолы кесілген. Сыйлықтарды әкелгендер негізінен осы органдардың бөлімдерінің қызметкерлері мен басқа да тұлғалар екені анықталған. Одан ары қарай осы шараның аясында басшылар мен олардың орынбасарларының кабинеттерінен сувенир сыйлықтар табылды.

Отырысқа арнайы шақырылған облыстық мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру департаментінің бірінші басшысы Илдар Хасенов шенеуніктерге сыйланған сыйлықтарды мемлекеттік қорға өткізудің тәртібімен таныстырды.

Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 676-бабына сәйкес, жеке тұлғалар мемлекеттік қызметшілерге сый-сияпат көрсеткен болса, сыйлық берушіге 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады.   Осы Кодекстің 677-бабында шенеуніктің  өз қолымен немесе делдал арқылы сыйлық алғаны дәлелденсе, оған 600 АЕК көлемінде айыппұл салынатыны көрсетілген.

vibrance 20 2284 oboi 8 marta 480x800

 
Көрілді: 2069
Жаңартылған: 02.03.2018 | 09:03
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір