Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Банкоматтан карточка шықпай қалса не істеу керек?

10.06.2018 | 14:08
Банкоматтан карточка шықпай қалса не істеу керек?

Әлеуметтік желілерде банкомат карталарын бір батырманы басу арқылы қайтаруға болатын түрлі лайфхактар ұшырасып жатады. Сарапшылардың көмегімен біз дәл осы жағдайларды зерттеп көрдік.  Алайда зерттеу көрсеткендей, бұл алдау-арбау көмегіне жүгіну оң нәтиже әкелмейтіні расталды. Әсіресе, сіздің жеке бас қауіпсіздігіңіздің мәселесі тұрғанда әңгіме тіптен бөлек.  

Жағдай: Сіз банкоматтан ақша алып жатырсыз делік. 30-45  секундтың ішінде картаңызды алу мүмкін емес болып қалды. Болмаса бірнеше рет пин-код теруден қателестіңіз. Болмаса, банкоматта бір кінәрат пайда болды. Карта ішінде қалып қойды да, нәтижесінде сіз жаныңызды қоярға жер таппай уайымға түстіңіз.

Лайфхак: бірнеше секунд  (кейбір кезде бірнеше минут) бойы «жою» батырмасын басып тұрыңыз. Сол кезде картаңыз кері қарай шығады.

Негізінде: «күні бойы банкомат алдында күтіп, сол батырманы басып тұрсаңыз да, ол карта қайтып шықпайды», - дейді «РосЕвроБанк» пластикалық карта департаментінің директоры, Mail.ru  Hi-Tech-ы Сергей Варганов.  

«Егер банкомат қайта қосу кезінде сіздің картаңызды жұтып қойса, өзі шығарады» деп түсіндіреді сарапшы маман. — Егер карта басқалай себеппен ұсталса, ол арнайы қорапшаға түсіп, ол жерден оны инкассаторлар ғана алып шыға алады».

Картаны алу үшін банк қызметкерлеріне болған жағдай туралы айту немесе банкоматта көрсетілген телефондарға хабарласу ұсынылады. Және күту керек. Мұндай кездері картаңызды банк қосымшасы арқылы бұғаттап қоюға кеңес беріледі.

Пин-код керісінше, дабыл батырмасы ретінде жұмыс істейді

Жағдай: сіз негізінде кішігірім ақшаны банкоматыңыздан шешіп алуға келдіңіз, ал сізді әлдекімдер тонап алмақшы. Және де сізден картаңыздағы бар ақшаны шығарып беруіңізді талап етуде. Полицияға хабарласу мүмкін емес, қылмыскер тура жаныңызда тұр.

Лайфхак: Өз ПИН-кодыңызды керісінше терген дұрыс. Мәселен, 1689 орнына  9861-ді теру. Дереу полиция келіп, сізді құтқарады, бәрі жақсы аяқталады.

Негізінде: «бұл жалған нәрсе, кодты керісінше теру сізге мүлде көмектеспейді»,  - дейді «РосЕвроБанк» топ менеджері. Мұндай технологияны банктер бұрынырақта енгізгісі келгені рас. Алайда бұл «қымбатқа» түседі, қылмыскер сізді жарақаттауы мүмкін, болмаса жалған ақпараттар түсуі ықтимал.

Сондықтан да бұл әрекетке үміттенбеңіз. Банкомат үшін күннің қараңғы болуын күтпеңіз, оңаша жердегі банкоматтарға көп бармаңыз. Және де айналадағы жағдайды өз бақылауыңызда ұстаңыз. Егер күдікті адамдар маңайыңызда болса,   ақшаны шешіп алуға құмартпаңыз.

Алайда кішкене болсын мүмкіндік бар. «Бұл дабылыңызға сол маңда бейнебақылау болса, полиция көп күттірмей келуі де ғажап емес» дейді сарапшы. —  Өйткені дабыл іске қосылады» .

Банкоматты желіден ажыратып, картаны алу

Жағдай: банкомат сіздің картаңызды «жұтып» қойды делік, өйткені бір техникалық ақаулықтар болды және сіздің күтуіңізді ескертіп тұр. Және ешқандай өзгеріс байқалмайды.  Батырмаларды бассаңыз, ешқандай белгі бермейді, техникалық қауіпсіздік қызметі қоңырауды қабылдамайды, жағдай қиындап барады.

Лайфхак: банкоматты желіден ажыратыңыз, сол кезде картаны ала аласыз. Осылай Қазақстанның қолданушысы банкомат бір сағат бойы «Кешіріңіз, күте тұрыңыз» деген жазуды көрсеткен кезде жасаған екен.  «Жою» батырмасын басу да, қолдау қызметіне хабарласу да өз нәтижесін бермепті. Ғаламтормен байланысты жоюы салдарынан иесіне картаны қайтарып беріпті-міс.

Негізінде: бұл мүлде шындыққа жанаспайды. «Банкомат ондай жолмен картаны бермейді, - дейді «РосЕвроБанк» сарапшысы. — Банкоматты желіге қайта қосқанда да ол сіздің картаңызды шығарып беруі екіталай».

Сондай-ақ банкоматты жайдан жай өшіре салу да мүмкін емес жағдай. Бұл кішігірім бұзақылық ретінде көрініс табуы әбден мүмкін. Бұл үшін әкімшілік жауапқа тартыласыз.

Бұрыңғы лайфхактар:

Қазір банкоматтар жақсы жетілген, сондықтан бұрыңғы лайфхактар пайдасыз күйінде қалды. Бірнеше жыл бұрын көптеген қулықтар мүмкін болатын. Олардың қызықтылығы сондай, өзгенің ақшасын иеленіп кету де мүмкін еді. Әрине, мұны алаяқтар жақсы пайдаланғаны есте.

«Мәселен, мынадай әңгіме жүргені белгілі: банкомат картасыз белгілі бір комбинацияны терсе, ақша шығарып береді-міс, дейді сарапшы. — Форумдарда бұл тақырып қозғалды. Банкомат шынында да алаяқтардың тарапынан бағдарлама жасалса, картасыз ақша шығарды. Мұндай жағдайлар бірнеше жыл бұрын орын алды және банктер оны жоя білді».

«Кейбір банкоматтарды ақшада бейнеленген белгілер арқылы алдау да мүмкін болды, - деп еске алады Сергей Варганов. — Қазір банктер бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартты, өзгертті, қазір ақша жақсы танылады». 

Дереккөз: reaktor.kz

23

 

 

 

 

 
Көрілді: 844
Жаңартылған: 08.06.2018 | 14:16
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір