Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Орамалсыз өткен беташар жұрттың наразылығын тудырды

11.07.2018 | 15:37

Орамалсыз өткен беташар көптің ашуын тудырды. Инстаграм әлеуметтік желісінде "Осындай да беташар болады екен-ау" деген жазбамен видео тарады.

  • Видеодан тойдағы жас келінмен, оның жанындағы әулеттің екі келіні де орамал тақпағанын көруге болады. Мұны көрген желі қолданушылары бұл дәстүрді бұзу екенін айтып, беташардың бұлай өтпегені дұрыс дегенді алға тартты.

    Бірі "беташарда Орамал болу керек қой, бетін жауып тұратын. Бір Қазақстанда тұрып әр жақ өз ойларына келгендерін жасап жатыр. Бір салтты ұстау керек қой" десе, келесі "Бұл қай елдің салты? Қазақта жоқ! Ойланыңдар ағайын, жартылай жалаңаш басы жалаңбас келіннің бетін ашып мəз болып тұрғандарыңызға жол болсын сабау қайда, орамал қайда" деп ашыныпты.

    Желі оқырмандарының сөзіне сенсек, бұл солтүстік аймақтағы беташар болуы мүмкін...

    ernur.kz

  • https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=voJaqhu3HX4
  •  

 
Көрілді: 4169
Жаңартылған: 11.07.2018 | 15:43
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір