Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстанда қасқыр азайып бара ма?

28.09.2018 | 10:20
Қазақстанда қасқыр азайып бара ма?

Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы  (ҚБСҚ) қасқырды зерттеуге қатысты жұмысты жалғастыруда. Биыл қауымдастық Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында аңшылар мен жергілікті тұрғындар арасында сауалнама жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қоғамдық ұйымның сайтына сілтеме жасап. Сауалнама барысында қауымдастық тұрғындардың түрлі санаттары арасында қасқырға деген қарым-қатынасты анықтайды. Бұған қасқырды көру, жыртқыш туралы білу деңгейі және табиғатқа деген жалпы көзқарасы әсер етеді.  Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар соңғы жылдарда осы өңірдегі қасқыр саны мен өсіміне қатысты білетін деректерімен бөліседі. Бұдан басқа мал шаруашылығына жырқыштар қанша шығын келтіргені де есепке алынады Айта кетерлігі елімізде осындай мәліметтер орталықтандырылып жинастырылмайды. Сауалнама нәтижесі шектеусіз аулау салдарынан қасқыр саны барынша азайып кеткен өңірлерді анықтауға көмектеседі. Анкета жүргізу алдағы уақытта еліміздің жазық алқаптарында қасқыр санын реттеу тетігін әзірлеуге септігін тигізеді. Сауалнаманы ҚБСҚ мамандары қауымдастық клубтары, филиалдары арқылы, сондай-ақ, киік мекендейтін жерлерге жақын тұратын ауыл тұрғындары арасында ақпараттық науқан аясында да жүргізеді. Анкета тиімділігін арттыру үшін ол анонимді түрде алынады. Қазіргі уақытта қауымдастық 800 анкета таратты. Алдағы уақытта анкета ғаламторда жарияланады, сол кезде оның сұрақтарына еліміздегі барлық қала тұрғындары жауап бере алады. 

45  

 

 
Көрілді: 943
Жаңартылған: 28.09.2018 | 10:27
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір