Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ақтөбе облысындағы сегіз жетім баланың есепшоты 12 млн теңгеге толықты

05.07.2018 | 13:02
Ақтөбе облысындағы сегіз жетім баланың есепшоты 12 млн теңгеге толықты

Отыз жетім баланың ендігі өз баспаналары бар.

Астананың мерейтойы мен Дөң тау-кен байыту комбинатының 80 жылдығын мерекелеуге орай тағы 12 млн теңге Хромтау ауданында қамқоршысымен бірге тұрып жатқан сегіз баланың шотына аударылды.

Балаларға сертификаттарды Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен ERG менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич тапсырды.

«Біздің болашағымыз – балалар. Кез келген қоғамда, кез келген мемлекетте оларға көп көңіл бөлінеді. 27 жылдың ішінде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастардың лайықты білім алып, мәдени деңгейі, білімі, денсаулығы жөнінен өзге елдердегі қатарластарынан қалмас үшін барлығын жасады. Назарбаев зияткерлік мектебін, Назарбаев университетін ашу, «Болашақ» бағдарламасы – осының бәрі балаларымыз үшін», - деп атап өтті облыс әкімі өзінің құтттықтау сөзінде.

Бердібек Сапарбаев ERG атынан келген Александр Машкевичке әлеуметтік жауапкершілігі үшін алғыс айтты. Ол «Қазхром» ТҰК» АҚ қаражаты есебінен Ақтөбеде тұңғыш рет Шығармашылық академиясы тұрғызылғанын еске салды, бүгінде 7 мыңға жуық ақтөбелік бала түрлі секциялар мен үйірмелерге барып жүр.

 

 

 
Көрілді: 1498
Жаңартылған: 05.07.2018 | 13:05
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір