Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Қазақстан Барысына» пәтер берілді

07.07.2018 | 22:42
«Қазақстан Барысына» пәтер берілді

Облыс әкімдігінде Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай өткізілген салтанатты жиынға «Қазақстан Барысы – 2018» турнирінің жеңімпазы Ержан Шынкеев пен оның жаттықтырушысы Диқанбай Биткөзов арнайы шақыртылды. Палуанға облыс әкімі Е.Қошанов пәтер кілтін табыстады. Ал Диқанбай Биткөзов ҚР Президентінің жарлығымен «Астанаға жиырма жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

«Енді біз спортшы болған соң шетелге көп барамыз. Елордамыз Астанады шетелдіктер жақсы біледі. Олар Қазақстанның тез дамып келе жатқандығын, үлкен қала салғандығын айтады. Қызығушылық білдіреді. Мынау менің жеңісім де, барлығы да Астанамыздың 20 жылдығына тұспа-тұс келіпті. Астанамыз көркейе берсін. Елбасымыз жасай берсін, сол кісінің арқасы», - дейді «Қазақстан Барысы-2018» турнирінің жеңімпазы Ержан Шынкеев.

Еске салайық, 1 шілде күні Елордада осымен сегізінші рет өткен «Қазақстан Барысы» турнирінде қарағандылық Ержан Шынкеев жеңіске жеткен болатын. Жеңімпазға 25 миллион теңге мен алтын белбеу, алтыннан кұйылған «тайтұяқ» табысталды. Ал оның бапкері 3,5 миллион теңгеге ие болды.

 

 

 
Көрілді: 1956
Жаңартылған: 07.07.2018 | 22:44
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір